11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №79 

761 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
2016 жылғы 26 қаңтар,Астана қаласы «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 442-449 (27523) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы»; Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын. 2. Кәсiптiк-техникалық және орта білімнен кейінгі бiлiм департаментi (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. СӘРІНЖІПОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 79 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидалар меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға таратылады. 3. Осы Қағидалар техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру тәртiбiн анықтайды және: 1) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілікті беру жөніндегі біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдастыруды; 2) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілікті беруді өткізуді ұйымдастыруды; 3) апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру және апелляцияны карауды; 4) біліктілікті беру туралы сертификат беруді қамтиды. 4. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) апелляция – кәсiптiк даярлықты бағалауға қатысушылардың және біліктілікті беруді өткізудің белгіленген тәртібінің бұзылуы, не нәтижелермен келіспеуі туралы жазбаша арызы бойынша даулы мәселелерді қарастыру және құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін рәсім; 2) біліктілік беру (бұдан әрі – ББ) – жеке қабілеттерін, нақты мамандық бойынша кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберіндегі жұмысты орындауға қажетті кәсіби білімдерін, шеберліктер мен дағдылардың жиынтығын растау рәсімі; 3) біліктілік емтихандары (бұдан әрі – БЕ) - жазбаша тестілеу үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер (оқыту тілінде) бойынша, өнер және мәдениет саласының мамандықтарынан басқа, ұзақтығы 2,5 (екі жарым) астрономиялық сағат (150 минут) тестілеу нысанында өткізіледі; 4) біліктілік (практикалық) жұмысын тапсыру – бiлiктiлiк сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген, бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес келетiн, практикалық тест түрінде өнер және мәдениет саласының мамандықтарынан басқа, нақты мамандыққа тән біліктілік (практикалық) жұмысын орындау; 5) біліктілік – кәсіби қызметті құзыретті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жеке қабілеттерін, кәсіби білімін, іскерліктерін, дағдыларын сипаттайтын тиісті білім беру бағдарламасын ойдағыдай аяқтау нәтижесінде даярлау деңгейі; 6) біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – БК) - емтихан тапсырушылардың білім, шеберліктері мен дағдыларының деңгейін, олардың оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестілігін анықтайды; 7) біліктілікті беру туралы сертификат – маманның біліктілік талаптарына сәйкестілік деңгейін (кәсіби құзыреттілік деңгейі) растайтын құжат; 8) кәсiптiк даярлықты бағалау (бұдан әрі – КДБ) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде кәсiптiк даярлық деңгейiнің сәйкестілік дәрежесін (қабілетін) айқындау; 9) КДБ және ББ өткізуетін ұйым – мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен КДБ және ББ ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтердің әлеуетті жеткізуші ретінде танылған заңды тұлға; 10) техникалық және кәсіптік білім – білікті жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру; 11) шығармашылық емтихан – өнер мен мәдениет саласының кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша білім, іскерлік және дағдылардың нақты деңгейін және олардың оқу бағдарламаларының, біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін анықтау. Ұзақтығы алатын біліктіліктің ерекшелігіне және шығармашылық емтиханның нысанына байланысты. 2. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілікті беру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру 5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің техникалық және кәсiптiк білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша КДБ және ББ өткізу үшін КДБ және ББ өткізетін ұйым БК құрады. БК мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды (тақ сан) құрайды. 6. БК құрамы тиісті кәсіптердің (мамандықтардың) мамандары және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ӨКП) келісуі бойынша кәсіпорындар мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады. 7. БК құрамына жұмыс берушілер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өндірістік учаскелердің шеберлері, директорлардың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ тиісті бейіннің оқу орындары үшін өнер және мәдениет саласы мекемелерінің өкілдері тартылады. Мәдениет және өнер саласының мамандықтары үшін БК құрамы уәкілетті органның келісуі бойынша мәдениет және өнер саласының мамандары қатарынан құрылады. 8. БК төрағасы ӨКП келісуі бойынша кәсіпорындар немесе жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдерінің арасынан тағайындалады. Мәдениет және өнер саласының мамандықтары үшін БК төрағасы тиісті мамандықтың озық өкілдері қатарынан тағайындалады. 9. БК төрағасының тестіленетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша тиісті мамандығы бар. 10. БК хатшысы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы БК құрамына кірмейді. 11. БК құрамын анықтау, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк көлiктерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын басқаруға берiлетiн куәлiктердi беру тәртiбi белгіленген тәртіппен қабылданған арнайы нормативтік құқықтық актілерге, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына сәйкес реттеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 11711 болып тіркелген). 12. Арнайы ұйымдармен және ведомстволармен қадағаланатын объектiлердегi жұмыстармен байланысты (жүк көтергiш крандарының машинистерi, электрлiк көтергiштер (лифтiлер) слесарь-монтажниктер, газэлектрлiк дәнекерлеушілер, электрлiк станциялардың кезекшi қызметкерлерi және басқалар) бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру кезiнде (жазба тестiлер) БК-ның құрамына осы ұйымдардың өкiлдерi де кiредi. 3. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалауды өткізуді және бiлiктiлiкті жұмысшы кадр-ларының кәсіптері (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктілікті беруді ұйымдастыру 13. КДБ және ББ-ны мынадай талаптарға жауап беретін ұйымдар жүзеге асырады: 1) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiкті беруді өткізу мәселелері бойынша дайындықтан және тағылымдамадан өткен, жұмыс тәжірибесі бар персонал; 2) үздік өндірістік тәжірибе (салалық қауымдастық жанында құрылған ұйым үшін салалық қауымдастықтың жұмыс тәжірибесі есептеледі); 3) салалардың кәсіптік стандарттарын әзірлеу және/немесе сараптаудағы жұмыс тәжірибесі; 4) оқу орындарымен ұзақ ынтастақтастық тәжірибесі және үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы (кемінде 5 жыл); 5) тестіленетін мамандық бойынша тест тапсырмаларының базасы; 6) осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес біліктілік және апелляциялық комиссиялардың әлеуетті мүшелерінің тізімі. 14. КДБ және ББ-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері жіберіледі. 15. КДБ және ББ-ға қатысу үшін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес КДБ және ББ-ға қатысуға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) бұрын берілген біліктілік туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда) өткізу қажет. 16. Толық құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейін КДБ және ББ өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады. Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда КДБ және ББ-ге өтуге рұқсат берілмейді. 17. БЕ (жазбаша тестiлеу) үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша (оқыту тілінде) өткізіледі және оқу бағдарламаларына сәйкес 100 сұрақтан тұрады. Әрбiр тестiк тапсырманың дұрыс жауабы 1 (бір) балмен бағаланады. 18. Жазбаша тестiлеу немесе тапсырмалар (ахуалдық тапсырма) бойынша 60 балдан кем алғандар, бiлiктiлiк (практикалық) жұмыстарын тапсыруға жiберiлмейдi. 19. Жазбаша тесттердiң нәтижелерi балмен бағаланады және КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым сол күнi жариялайды. Бiлiктiлiк (практикалық) жұмыстарын өткiзу кезiнде бiлiктiлiк сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес келетiн жұмысты орындау көзделедi. 20. Бiлiктiлiк (практикалық) жұмыстарын орындаудың тiзбесi, мазмұны, және талаптары, оның ішінде бұйымдарды әзірлеу оқу жұмыс бағдарламалары мен бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес анықталады. 21. БК мүшелерi бiлiктiлiк жұмыстарын бағалау кезiнде үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына, өндiрiстiк оқыту бойынша iскерлiк және практикалық дағдыларға сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша нақты бiлiм деңгейiн есепке алады. 22. Бiлiктiлiк (практикалық) жұмысы: 1) егер тапсырма техникалық талаптар мен шарттарға сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып есептеледi; 2) бiлiктiлiк жұмыстарын (практикалық жұмыс) орындауға арналған пысықтау нормасын (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады. 23. Емтихан тапсырушы өткiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, одан әрi емтиханды тапсыру туралы мәселенi БК төрағасы шешедi. 24. БЕ (жазбаша тест) нәтижелері ведомоспен ресімделеді. Кәсiптер (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiк және дәреже беру туралы БК шешiмi БК төрағасы мен барлық мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады және техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жолданады. 25. Өнер және мәдениет саласының кәсіптері (мамандықтары) бойынша шығармашылық емтихандары біліктілік сипаттамалармен, талаптармен көзделетін біліктіліктің тиісті деңгейіне сәйкес келетін осы кәсіпке тән жұмыс түрін (оқыту тілінде) орындау көзделеді. 100 балдық шкалада бағаланады және БК отырысының хаттамасы ресімделгеннен кейін сол күні жарияланады. 26. Шығармашылық емтихан, егер ол біліктілік талаптарына сәйкес орындалған болса, қабылданды деп есептеледі. Шығармашылық емтиханды орындау кезінде 60 балдан кем алған түлектер БЕ тапсырмаған болып есептеледі. 27. Шығармашылық емтиханның нәтижелері және біліктілік беру туралы БК шешiмi БК төрағасы мен барлық мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады және техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жолданады. 28. Жазбаша тестерді немесе ахуалдық тапсырмаларды, бiлiктiлiк (практикалық) жұмыстарды, шығармашылық емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етіледі және қайта тапсыруға берілген өтініш негізінде 3 (үш) ретке дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін өткізіледі. Келесі қайта тапсыру 3 (үш) ай өткеннен кейін рұқсат етіледі. 4. Апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру және апелляцияны қарау 29. Даулы мәселелерді қарау және КДБ және ББ қатысушыларының құқықтарын қорғау үшін КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым 3 адамнан тұратын Апелляциялық комиссия құрады (бұдан әрі - АК). 30. АК құру осы Қағидалардың 6-тармағына, ал АК-ның төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар 7 және 8-тармақтарына сәйкес келуі тиіс. АК құрамына БК мүшелері болып табылатын тұлғалар кіре алмайды. 31. АК хатшысы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы АК құрамына кірмейді. 32. КДБ және ББ нәтижесімен келіспеген түлек апелляцияға өтініш береді. 33. Апеляцияға өтініш (бұдан әрі – өтініш) АК төрағасының атына тестiлеу нәтижесi жарияланғаннан кейiн бiр күн ішінде беріледі. 34. Өтініште келіспеу себептері көрсетіледі және өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты қоса беріледі. 35. Апелляцияға беру үшін: 1) техникалық қате; 2) техникалық және кәсіптік білім бейіні бойынша тест тапсырмасы мазмұнының сәйкес келмеуі; 3) тест тапсырмаларындағы қате сұрақтар; 4) мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы; 5) осы Қағидалармен белгіленген нормаларды бұзуға негіз болып табылады. 36. АК бір тәулік ішінде апелляцияны қарастыру нәтижесіне сәйкес апелляцияны қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы тиісті шешімді қабылдайды. 5. Сертификат беру 37. КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйымның БК-ның хаттамасында ресімделген негізінде КДБ және ББ бойынша біліктілік емтиханынан ойдағыдай өткен тұлғаларға нақты кәсiп (мамандық) бойынша тиiстi бiлiктiлiк деңгейiнің разряды тағайындалады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті беру туралы сертификат берiледі. 38. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша БК шешімінің хаттамасы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйымда 5 жыл бойы сақталады. 39. КДБ және ББ деңгейi туралы сертификаттарды беру техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi беру туралы сертификаттарды есепке алу және беру журналында ресiмделедi. 40. Сертификат алғандар туралы ақпарат білікті мамандардың деректер базасына енгізіледі және КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым сайтында жарияланады. 41. Біліктілікті беру туралы сертификатты жоғалтқан жағдайда, КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым телнұсқаны береді. Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларына 1-қосымша 1-нысан КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйымның басшысына _____________________________________ (Т.А.Ә.) ӨТІНІШ Сізден келесі топқа жіберуіңізді ______________________________________________________ (нөмері, атауы) мамандығы бойынша біліктілік емтиханын беруге ___________________________ (коды және мамандық атауы) біліктілігі ___________________________ ( коды және біліктілік атауы) Білім беру ұйымы _____________________ ( Білім беру ұйымының атауы) МЖБС/ҮОЖ Оқу мерзімі Емтихан тапсыру шының тегі, аты, әкесінің аты Емтихан тапсырушы жеке куәлігінің және/немесе туу туралы куәлігінің № Жынысы (ер/ әйел) Талап етіп Отырған санаты разряды, класы Біліктілік емтиха нын тапсыру тілі Емтихан тапсыру- шының қолы ТжКБ ұйымының басшысы ________________________ ТАӘ (қолы) М.О. Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларына 2-қосымша 2-нысан Біліктілікті беру туралы СЕРТИФИКАТ КБ № ______________________________________ Осы сертификат ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) 20__ жылдың «__» __ бастап 20__ жылдың «__» ______ аралығында _________________________ ___________________________________________ (сертификаттау ұйымының атауы) ___________________________________________ ___________________________________________ (мамандықтың коды және атауы) кәсібі (мамандығы) бойынша біліктілік емтиханын тапсырғанын растайды. 1. Теориялық тестілеу – 2. Практикалық тестілеу – Біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «_____» _______ № ________хаттамасының шешімімен __________________________________________ ___________________________________________ _____________________біліктілігі берілді. 20___жылғы «____»____________ дейін жарамды ___________________________________________ Ұйым басшысы ______________/______________/ (қолы) (күні) М.О. Елді мекен ________________________________ (қала, облыс) 20__ ж. «__» ______________________________ Тіркеу нөмірі _____________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13250 болып енгізілді.